Ақпараттық,әмбебап сайт!!! Сейсенбі, 07.05.2024, 12:02
Приветствую Вас Қонақ | RSS
3D ойындар
Қызықты 3D ойындар

Меню сайта

Кіші-чат

Кім қай қаладан?

Барлығы онлайн 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2013 » Январь » 2 » Сайт ашып жетістікке жету үшін не қажет?
18:52
Сайт ашып жетістікке жету үшін не қажет?


Сайт ашу ісімен айналысқысы келетін, және қазіргі кезде сайт ашу ісімен айналысатын адамдарға арналып жазылған пост. Бұл постта келесі тақырыптар қарастырылады: домендік атты таңдау, бет жүктелуінің уақытша параметрлері, CMS таңдау, хостинг, контент, дизайн, сайт дамыту.
Интернетте күн сайын жаңа сайттар ашылуда. Бәсекелестік күннен-күнге өсуде, өйткені кез-келген жетістікке жету үшін қарапайым, әлсіз сайт емес, жетістікке жететін керемет сайт қажет, сол сайт арқылы 
пайда табуға болатындай. Пайда ақша түрінде келуі мүмкін, немесе Сіз өзіңіздің тауарларыңызды(инф.продукты) интернет арқылы сатып, пайда тауып отыруға да болады. Осы мақсатқа жету үшін сайтқа көп мөлшерде адамдар кіруі тиіс. Яғни, сайтыңызға күнде көп адамдар кіру қажет. Домендік ат.

Ең бірінші сайтқа — «домендік ат» қажет. Сайт ашпастан бұрын домендік атты сатып алуыңыз тиіс, мысалы, сайттың аты — my.site.kz болуы мүмкін. Осындай 2-ші деңгейлік домен көзге әдемі, оқуға оңай келеді, және айтып кететін жайт — ол, осындай 2-ші деңгейлік домендерді іздеу роботтары жақсы көреді. «Жақсы көреді», деген сөзім — іздеу роботтары сайтқа күнде келіп индексациядан өткізеді, міне осы индексация арқылы сайт жоғары деңгейлерде тұрады. Домендік ат — оқуға оңай, және мүмкіншілігіне қарай қысқа болуы керек, себебі қысқа домендік атты ұғу оңай. Бүгінгі күні осындай 2-ші домендік атты алу қиынға туады, себебі ол — тегін емес, сатып алу қажет. Бірақ, та алғашқыда тегін хостингқа тіркеліп, домендік атты алып, сайт жасау ісімен, уақыт келе барлық қиындықтарды түсінгеннен кейін ғана барып, 2-ші домендік атты ақшаға сатып алуға болады.

Хостинг.

Сайт бетінің тез жүктелуі — басты параметрге жататын нәрсе. Сайт беті тез жүктелмесе, оған кім кіреді? Әрине, ешкімде кірмейді. Сайт бетінің ұзақ жүктелуі — ешкімге де ұнамайды, ұзақ күткісі келмеген адамдар, сайт бетінен шығып кетеді. Осыайтылған мәселе ешкімде болмас үшін — ең алдымен дұрыс хостинг таңдау қажет. Сайттың алғашқы бетінің көлемі — 150кб-тан аспауы керек, яғни сайттың алғашқы беті (index.php, index.html...) — жеңіл болуы керек. Сол мақсатта тез жұмыс істейтін хостинг алу қажет!

Сайт басқару жүйелері.

CMS таңдау да — басты параметрге жатады. Ақша арқылы сатып алынатын да, тегін кездесетін де түрлері бар. Және оларды — «движок» деп те атайды. Жобаның көлеміне қарай таңдалады, мысалы, кішігірім блог ашқыңыз келсе, онда — WordPress движогын қолдануға болады.

1 немесе 2 мың адам кіретін сайтқа, тегін жазып алуға болатын —  Joomla движогын қолдануға болады. Барлығынан да, осы CMS движогын сатып алу дұрыс болады, деп ойлаймын. Сатып алынатын CMS движогтары мен тегін жазып алуға болатын CMS движогтарының басты айырмашылықтары: Бірінші айырмашылығы, тегін CMS движогтары сервердің жүктелуін төмендетеді, яғни сервердің жұмысын баяулатады,   тағы бір айтып кететін айырмашылық, ол — кез-келген CMS движогында жасалған сайтты бұзу оңай, яғни қазіргі кезде CMS движогтарын бұзу оңай.

Сайт контенті.

Сайт ашу ісімен айналысып жүрген адамдар, белгіленген мақсатқа жету мақсатында, сайт контентін — жеңіл, әрі түсінуге оңай түрінде жазады. Сайтта орналасқан материалдарды жатқызуға болады. Сайт бетінде жазылатын кез-келген материал, пост, мақала — уникальді болу ықтимал, яғни ешкімге ұқсамайтын мәнерлі мақала болуы тиіс. Егер де Сіз мақала жаза алмайтын болсаңыз, копирайтерлерді жалдауға болады, немесе мені жалдауға болады, мен копирайтер жұмысын атқарып жүргеніме 3 жылдай уақыт болды, Сізге мақала, пост, сайтқа материал жазу керек болса, менімен хабарласуға болады. Сайт материалын мәнерлі түрде, оптимизациялап жазамын, осы жайлы сұрақтарыңыз болса, маған «Байланыс» бетінде Хат жазуға болады.

Сайт дизайны.

Дизайн — басты тақырыпқа жататын мәселе. Дизайн — бұл, сайт киімі, деседе болады. Киімге қарап қарсы алады деген де бар емес пе! Сайт ашу үстінде дизайнерлерді де жалдауға болады, себебі олар сайтыңызға арнап, әдемі де көрікті шаблондар жасайды. Осы жайлы да сұрақтарыңық болса, менімен хабарласуға болады, мен де осындай істермен айналысамын...

Сайт шаблоны — ешкімге ұқсамайтын, юзабилити технологиясын ұстанатын, w3c стандартымен жасалған шаблон болуы тиіс. Егер де Сізде дизайнерлер жалдауға ақша болмайтын жағдайда, тегін интернет ішінен жазып алуға болады.

Сайтты дамыту.

Пост соңында сайт дамыту жайлы айтып кетейін. Міне, осы сайт дамыту ісімен айналыса алмайтын адамдар да бар, қазіргі кезде. Жалпы, сайт дамыту — басты параметрге жататын мәселе.  Себебі, дамымаған сайтқа ешкімде кірмейді. Сайт дамыту ісін Сіз профессионалдарға тапсыруыңызға болады, немесе өзіңіз де істеуге болады. Мен де қазір сайт дамыту ісімен айналысып жүрмін. Яғни, сайт дамыту дегеніміз — ол сайтты интернет ішінде атақты етіп, адамдарға жариялау. Сайт кез-келген жетістікке жету үшін, онымен күні-түні жұмыс істеу керек, кейін барып қана Сіз сайт арқылы пайда табатын боласыз!

Просмотров: 1653 | Добавил: Анти-Хакер | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 Анти-Хакер  
0
Негізгі Авторы ЕЛжас

Имя *:
Email *:
Код *:
Күнтізбе мен Сағат

Қолданушы профилі

Іздеу

Біздің сауалнама

Жазба мұрағаты

Яндекс.Метрика
Барлық талапқа сай©Сайт авторы Қостанай Айдос 2024