Редактор (өңдеуші) дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың және маман дәрежесіндегі қолданушының барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген сұрақты өңдей алады, кез келген жауапты өңдей алады, Кез келген хабарламаларды жасырып не жариялай алады. Яғни егер сіз Редактор дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттері: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған жауапты қадағалап отырасыз. Сұрақтарды мағынасына байланысты сорттап, сайт ережесіне қайшы келетін сұрақтар мен жауаптарды өңдеп, жасырып, ескерту беріп отырасыз.
Редакторлар сайт әкімшілігімен тығыз байланыста болуы қажет. Кез келген Редактор супер модераторларға өзінің байланыс ақпараттырын қалдыру қажет. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді редакторлар да талқылауға шақырылады.
Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Редактор дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқылы, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Модератор дәрежесіне жоғарылата алады.
Редактор дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 4 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 50дан аз болмауы тиіс. Жасы 17-ден (он жеті) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Модератордәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады.
Қарапайым қолданушы деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар?
Қарапайым қолданушылар дегеніміз кез келген сайтта тіркелген қолданушы, олардың мүмкіншіліктері сайтта сұрағын қойып, басқа қолданушылардың қойған сұрағына жауап жазып, қолданушыларды бағалай алады.
Қарапайым қолданушы сайтта нақты сұрақтар мен нақты жауаптар жазып белсенділік танытса сайт әкімшілігі қолданушыдан келісімін алмай не қолданушының өтініші бойынша қолданушыны Маман дәрежесіне жоғарылатуға құқылы. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді қолданушы талқылауға шақырылады. Талқылауда қарапайым қолданушылар атынан сөйлейтін болады.
Қарапайым қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30-дан аз болмауы тиіс. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Маман дәрежесіне жоғарылатады. (қарапайым қолданушы бірден редактор немодератор бола алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады) Сайтқа әрбір тіркелген қолданушының міндеттері:
Сайтқа пайдалы ақпараттар салып,қолданушылар тарту керек.Және де сайтқа файл салған соң соңына пікір жазу керек.Тағы бір ескертетін жәйт:Құрметті сайт қолданушылары Кіші Чатқа тек тіркелген қолданушылар жаза алады!!!
Сайт әкімшілігі